Жүректі сақтап қалудың жолы - салауатты өмір салтын ұстану

Жүректі сақтап қалудың жолы - салауатты өмір салтын ұстану

Жыл сайын 29 қыркүйекте бүкіл әлем бойынша дүниежүзілік Жүрек күні аталып өтіледі. Бүгін Жетісу телеарнасының «Таңжарық» таңғы бағдарламасында облыстық кардиология орталығының кардиолог дәрігері Ақбота Бақытжанқызы дүниежүзілік Жүрек күніне орай сұхбат берді. Дәрігер тұрғындарға жүрек ауруның алдын алу, пайда болу себептері мен емдеу жолдарытуралы ақпарат берді. Кардиологтың айтуынша, адамдар салауатты өмір сүру салтын ұстанса, жүрегін сақтап қалуға мүмкіндік бар.

Салауатты өмір салтын ұстану туралы басты ережелер:

  • Стресс. Ол жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі кезінде адреналин гормоны шығарылады да, жүректің жиі соғуына, тамырдың тарылуы мен қысылуына әкеледі. Осының салдарынан қан қысымы жоғарылап, жүрек бұлшықеті тозады. Табиғатқа жиі шығу керек. Өмірде болатын қандай да бір жайсыздықтарға, тұрмыста болатын кикілжіңге көңіл аудармауға, оның орнына өзіңізге позитивтік көңіл-күйлер сыйлауға тырысу қажет;
  • Дене салмағының артуы денсаулыққа кері әсер етеді; 
  • Майлы және ащы тамақты артық қабылдау. Жануардың майын (май, сары май, қаймақ, шұжықтың құрамында май көп) пайдалануды мейлінше қысқарту, ал тұзды тәулігіне 3-5 г дейін (шәй қасығынан аз) азайту қажет. Рационды жеміс-жидектер, көкөністер құрау керек;
  • Майлы, қуырылған және жоғары калориялы тағамдардан бас тартыңыз;