Сақтандырылмаған азаматтар саны бойынша Алматы облысы өңірлер арасында 4-орында тұр.
2026 жылдың басынан бері облыста сақтандырылмаған азаматтар саны 10 239 адамға артқан. Сонымен қатар, тек соңғы есепті кезеңнің өзінде — 2026 жылғы 08.06-дан 08.07-ге дейін — сақтандырылмағандар саны 11 124 адамға көбейді. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған азаматтар санының өсу үрдісі сақталып отырғанын көрсетеді.
2026 жылғы 08.07 жағдай бойынша «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес Алматы облысы бойынша сақтандырылмаған азаматтар саны 235 505 адамды құрады.
2026 жылдың басынан бері сақтандырылмағандар санының ең жоғары өсімі:
Талғар ауданында — 6 585 адамға;
Қарасай ауданында — 1 516 адамға;
Еңбекшіқазақ ауданында — 1 302 адамға тіркелді.
.Сонымен қатар, тек бір айдағы, яғни 2026 жылғы 08.06-дан 08.07-ге дейінгі кезеңдегі өсім динамикасы келесідей:
Қарасай ауданында — 2 874 адамға;
Еңбекшіқазақ ауданында — 2 262 адамға;
Талғар ауданында — 1 924 адамға;
Іле ауданында — 1 525 адамға;
Қонаев қаласында — 1 232 адамға өсті.
Аталған көрсеткіштер есепті бір ай ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған азаматтар санының айтарлықтай артқанын көрсетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл өсім салықтар мен міндетті төлемдердің ақпараттық жүйелерге уақытылы түспеуімен, сондай-ақ мереке күндеріне байланысты қалыптасқан уақытша жағдаймен байланысты болуы мүмкін.
Көріп отырғанымыздай, сақтандырылмаған азаматтар саны бойынша алғашқы 15 медициналық ұйымның көрсеткіштері ұсынылған.
Сақтандырылмаған азаматтардың ең жоғары үлесі — 21,5% — жекеменшік «TABIBMED» клиникасында тіркелген. Қалған медициналық ұйымдар бойынша жағдай тұрақты, ал тіркелген халықтың сақтандырылу деңгейі 81,1%-дан жоғары көрсеткішті құрайды.