Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу жөніндегі әлемдік рейтингтегі өз позициясын жақсартты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 3 сатыға жоғарылады.

Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды: халықтың өмір сүру ұзақтығы артты, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім азайды, сондай-ақ туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған 17 жаһандық мақсатты қамтиды. Солардың бірі – №3 мақсат – «Мықты денсаулық және әл-ауқат».

Қазақстан 2015 жылдан бері Тұрақты даму күн тәртібін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізе отырып, оны дәйекті түрде іске асырып келеді. Қазіргі таңда ұлттық мониторинг жүйесіне 280 көрсеткіш енгізілген. Оның ішінде 205-і – жаһандық, 75-і – ұлттық көрсеткіштер. «Мықты денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша 29 көрсеткіш тұрақты түрде бақыланады.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша әлемдік ТДМ индексін есептеу кезінде 14 негізгі көрсеткіш бағаланады. Олардың басым бөлігі бойынша Қазақстан оң нәтижелер көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, неонаталдық өлім-жітім коэффициенті 9,3%-ға төмендеді. Бес жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі де 2,1%-ға азайды.

Ең маңызды жетістіктердің бірі – бір жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 36%-ға төмендеуі.

Экологиялық денсаулық көрсеткіштері де жақсаруда. Атмосфералық және тұрмыстық ауаның ластануымен байланысты өлім-жітім деңгейі 29%-ға қысқарды.

Сонымен қатар, күтілетін өмір сүру ұзақтығы 0,3 жылға артты.

15–19 жас аралығындағы қыздар арасындағы жасөспірімдер жүктілігінің көрсеткіші де 12,7%-ға төмендеп, оң динамика көрсетті.

Қол жеткізілген нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Дата публикации
08 июля 2026
Дата обновления
08 июля 2026
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
29 сентября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕР ТІЗІМІ
Ақпарат
08 июля 2026
Ана мен баланың денсаулығын қорғау — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы