Меню

Страницы

Статья

Ана мен бала денсаулығын сақтау

Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары біздің еліміздегі басым міндеттердің бірі болып табылады және стратегиялық құжаттарда, елді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерде көрсетіледі.
Аналар мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері болып табылады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №12 «он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау жөніндегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі – ЖДО) шеңберінде ерте жүктілік пен түсік түсірудің алдын алуға, кәмелетке толмағандар үшін репродуктивті және психологиялық денсаулықты қорғауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ЖДО міндеттері-он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және жастарға консультациялық, емдеу-диагностикалық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау бойынша психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсету. Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығының ерекшеліктері туралы хабардар болуын арттыру.
ЖДО он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастар, ата-аналар мен педагогтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің алдын алу, отбасын жоспарлау, контрацептивті өнімді пайдалану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
ЖДО алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен, басқа да медициналық ұйымдармен және бейіндік қызметтермен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастықта және сабақтастықты сақтай отырып, қызметті жүзеге асырады.

Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
29 сентября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕР ТІЗІМІ
08 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы