Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдарды  сатып алу туралы

Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдарды  сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 30 қазандағы  «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1729 Қаулысының талаптарына сәйкес өткізіледі. 

 Дәрілік заттарды және фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде бағаларды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы  08 желтоқсандағы «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы»  № 931 бұйрығының негізінде анықталады.

Дәрілік заттардың есебі дәрі–дәрмекпен қамтамасыз етудің республикалық ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады.

Балаларға медициналық көмек (барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес ұсынылады.

 

Дата публикации
03 декабря 2020