Балаларға медициналық көмек (барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер) "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес ұсынылады.
Облыс бойынша диспансерлік есепте трахеостомасы бар 17 бала тұр. Мәслихаттың 2020 жылғы 19 тамыздағы шешімімен трахеостомасы бар балаларға медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік препараттарды сатып алу үшін 25,3 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. 100% игерілді . Қазіргі уақытта сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Облыс бойынша диспансерлік есепте целиакиясы бар 57 бала тұр. Денсаулық сақтау басқармасы балаларды глютенсіз тағаммен қамтамасыз ету бойынша ақшалай қаражат бөлу үшін тұрақты негізде мәслихат сессиясына бюджеттік өтінім қалыптастырады.
2020 жылы жергілікті бюджеттен мәслихат шешімімен целиак ауруы бар балаларға тамақ сатып алуға 79,4 млн.теңге бөлінді. Игерілгені 100%.
Облыста диспансерлік есепте (21.09.2020 ж.жағдай бойынша) "туа біткен буллезді эпидермолиз" диагнозымен 2 ересек және 9 бала тұрады. Осы аурумен ауыратын балаларды дәрілік заттармен және таңу материалдарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаражатынан 164 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Игерілгені 100%. Қазіргі уақытта "туа біткен буллезді эпидермолиз" диагнозы бар пациенттер дәрілік заттармен және таңу материалдарымен қамтамасыз етілген.
Сирек кездесетін аурулары бар балаларды дәрілік заттармен және таңу материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі әкімдік пен Денсаулық сақтау басқармасының қатаң бақылауында тұр.