Ескелді аудандық орталық ауруханасы "байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны туралы, басшының бос лауазымына конкурс өткізу ережесі»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 29 Мамырда № 20768 тіркелді.

  1. Кәсіпорынның бақылау кеңесі:

1) Конкурс өткізу туралы шешім қабылдады;

2) конкурсты өткізу шарттарын, күнін және орнын айқындайды;;

3) кәсіпорын қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді;

4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

5) конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу және әңгімелесу қорытындылары бойынша 25" қарашада ZOOM арқылы өткізілетін болады

оң шешім алған қатысушыны анықтайды;

6) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) оң шешім алған қатысушыны кәсіпорын басшысы етіп тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.

  1. Байқаушы кеңестің конкурсты өткізу жөніндегі қызметін кәсіпорынның персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің арасынан тағайындалатын хатшы қамтамасыз етеді.
  2. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
  3. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді және құжаттар тізбесін қамтиды:

1) конкурстың өткізілетін күні мен орны;

2) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошталық мекенжайы көрсетілген кәсіпорынның атауы; ;

3) кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;

4) кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері;

5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар ;

6) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;

5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; );

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарын электрондық түрде электрондық почта мекенжайына ұсынады yurist_eskeldi@mail.ru хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей хатшыға - Исабаева Дина Бақытжанқызына ұсынылады. Оларды бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
  3. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
  4. Байқаушы кеңес ұсынылған құжаттардың "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) белгіленген республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының лауазымына біліктілік бойынша талаптарға және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарайды., 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-тармағының 3) тармақшасында және 26-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
  5. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша хатшы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады.
  6. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесуді өткізу кестесі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), кәсіпорынның интернет-ресурстарында және конкурс жариялаған кәсіпорынның ғимаратында баршаға көрінетін жерлерде орналастырылады.
  7. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы хатшымен хабардар етіледі. Хабарлама телефон арқылы, кандидаттардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
  8. Рұқсат алмаған конкурс қатысушыларына кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде хатшы бұл туралы хабарлайды.
  9. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқаушы кеңес кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
  10. Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпорынның даму презентациясы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынның дамуын таныстыру кезінде кандидат кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасауды және оларды шешу жөнінде ұсынылатын шараларды ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, Денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары және оларды шешу үшін қолданылатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

  1. Кандидат, егер оған Байқау кеңесі құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда, оң қорытынды алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  2. Байқауды өткізу жөніндегі Байқау кеңесінің отырысы Байқау кеңесі мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
  3. Ерекше пікірі бар Байқау кеңесінің мүшесі оны хаттамаға қоса берілетін жазбаша нысанда баяндайды.

Талқылау барысы мен қабылданған шешім Байқау кеңесінің қатысып отырған мүшелері қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

Байқау кеңесі отырысының хаттамасын ресімдеуді хатшы жүзеге асырады.

  1. Байқаушы кеңес конкурсты өтпеді деп тану және қайта конкурс өткізу туралы шешімді, егер:

1) құжаттар ұсынылмаған не кері қайтарып алынған;

2) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау нәтижесінде әңгімелесуге жіберілген кандидат анықталмаса не оң қорытынды алған кандидат анықталмаса әңгімелесуге жіберілмейді.

3 тарау. Кәсіпорын басшысы лауазымына тағайындау тәртібі

  1. Байқау кеңесінің оң қорытындысын алған кандидатпен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы еңбек шартын жасасады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады, онымен кәсіпорын басшысы танысады.

Сонымен бір мезгілде Байқау кеңесінің оң қорытындысын алған кандидат "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

  1. Кәсіпорын басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Дата публикации
09 ноября 2020