Алматы облысы әкімдігінің
2013 ж. «28» қаңтар
№17 қаулысына қосымша
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғындарды медициналық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқару қызметіне және облыстың денсаулық сақтау жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
2..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3..«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, облыс әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.