Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс

«Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы»  ММ (бұдан әрі – Басқарма) Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс келесі мекемелерде өткізілетіні туралы хабарлайды:

1) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Адрес: 040616, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Карғалы ауылдық окургі , Карғалы ауылы, А.Бейсеуова көшесі №1, пошта индексі 040616

2) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар жоғары медициналық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Адрес: 040616, Алматы облысы, Талғар қаласы, Попова көшесі №24а, пошта индексі 040616

4) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Адрес: 050007, Алматы қаласы, Каазанская көшесі №33, пошта индексі 050007

4) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Адрес: 040616, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті , Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі №35, пошта индексі 040616

5) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балқаш аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Адрес: 040616, Алматы облысы, Баканас  ауылы, Ахметова көшесі №14, пошта индексі 040300

          Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:   1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

           2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

          3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

 

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде келесі жағдайларға байланысты сайланбайды:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

          2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

          3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

          4) байқау кеңесінің басқа мүшесі мен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға қажеттіқ ұжаттар:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

8) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесіне, оның ішінде осы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты үлестестігі туралы мәліметтер;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының

  1. Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конверте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекен жайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

       "_____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "____________ дейін ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында мекенжайы бойынша орналастырылған күннен бастап айқындалады:

"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы " ММ Алматы облысы,  Қонаев қаласы, Ивушка-1 Г,  1 қабат, № 3 кабинет. Тел.    8 (771) 745 9450

 

 

Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс
Дата публикации
25 февраля 2025