Байқау кеңесінің мүшелігіне Кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс

«Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі-басқарма), «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды;

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

- денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Мынадай:

         - соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

         - заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

         - бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

         - байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
  • қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  • Кодекстің 35-бабындакөрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) – 2024 жылғы 15 қазан.

Конкурстың аяқталу күні (құжаттарды қабылдауды аяқтау) – 2024 жылғы 15 қараша.

Конкурсты өткізу орны: «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4ш/а, Алматы көшесі 54,1 қабат, каб.№3.тел. 8(72772)3-40-26.

 

Байқау кеңесінің мүшелігіне Кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс
Дата публикации
15 октября 2024