«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Жамбыл аданы Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Ә.Бейсеуов көшесі, 1. тел. факс 8/72770/32462, Email: priemnaya@rbkargaly.kz.
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ Жамбыл аданы Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК Алматы облысы, Қарғалы ауылы, Қасымбек, Үмбетәлі және Шолаққарғалы тұрғындарына жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Аурухана заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ 7 клиникалық бөлімшелері бар: қабылдау бөлмесі, терапия, хирургия, реанимация, гинекология, перзентхана бөлімі, оңалту.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Білуі керек:
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Еңбек кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Кодексі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы" заңы:
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және
ұйымдастырушылық аспектілері;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
- денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
- отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру,
Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) Он сегіз жасқа толмаған;
2) Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру;
8) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
9) Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру
уақыты:
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Конкурс өткізу күні:құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Ә.Бейсеуов көшесі, 149Г. тел. факс 8/72770/32462, Email: priemnaya@rbkargaly.kz