Хабарландыру «Сатып алу құқығысыз «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ны сенімгерлік басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Сатып алу құқығысыз «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы»ШЖҚ МКК-ны сенімгерлік басқару» жобасында жеке серіктесті таңдау бойынша конкурс жариялайды.
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен есептелген төлемдер «Сатып алу құқығысыз «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ны сенімгерлік басқару» МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке серіктестік таңдауы бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуға қажетті құжаттар тізімі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.