Қонаев қ. 15.09.2023 ж.
«Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығы негізінде 2023 жылғы 4-15 қыркүйек аралығында жұмыс тобы тарапынан «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыртқы талдау 2022 жылдың барлық кезеңін қамтиды. Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы №122 қаулысымен бекітілген Ереже (бұдан әрі – Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес басқарманың миссиясы халықтың денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
2.1. Басқарма өз қызметінде басшылыққа алады:
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексін;
- 2022 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
- «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған Меморандумды іске асыру үшін Алматы облысындағы Жол картасымен 15 пункт бойынша.
Медициналық мекемелердің ресми интернет ресурстарына мониторинг жүргізу барысында әрбір медициналық мекемеде «Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі» ішкі нормативтік-құқықтық актісі стандарттау қағидаттарынсыз жасалғаны анықталды. Яғни, бөлімде қолданыстағы салалық заңнамаға регламент пен сілтемелер бар, ал қалғандары еркін нысанда жасалған, бұл НҚА кіммен бекітілгені туралы деректер мен заңнамаға сілтемелер жоқ.
Ұсыныс: Ведомстволық бағынысты мекемелерге «Медициналық қызметкерлердің Этикалық кодекстері мен ережелерін» әзірлеу және бекіту ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын ескере отырып ұсынылады:
ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек Кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы; 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 «ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексі».
3.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша
2022 жылғы 31 желтоқсандағы штаттық кестеге сәйкес 26 бірлік мемлекеттік әкімшілік қызметші қарастырылған, нақты саны – 19 мемлекеттік әкімшілік қызметші, оның ішінде бос орындар - 7.
Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді және барлығы жоғары білімдері бар. Оның ішінде, медициналық – 9, экономикалық – 6. Бірнеше жоғары білімі бар – 3 әкімшілік мемлекеттік қызметші.
2022 жылы басқарманың мемлекеттік қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтамағаны үшін талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту фактілері болған жоқ.
Талдау барысында облыс бойынша кадрлар айналымының рұқсат етілген нормативі 6% болғанда, 2022 жыл кезеңінде ауысым болмағаны анықталды.
Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған қызметкерлер болған жоқ.
Аталған кезеңде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында сол кезеңде жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілердің ешқайсысы тиісті оқудан өтпеген. Себеп: мемлекеттік мекеменің Қонаев қаласына көшуіне байланысты.
3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балаларды асырап алушылары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде үлестес болу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу заң нормаларына «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №648 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 43 сатып алуды өткізді, оның ішінде:
- 16 бағалық шарт жасасуды сұрау әдісімен;
- 13 бір көзден алу тәсілімен, тікелей шарт жасасу әдісімен;
- 9 әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу;
- 5 ашық конкурс тәсілімен сатып алу.
Тікелей жасасу әдісімен сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылықтарға жол берілмеді. Барлық шарттарға қол қойылды, қысқа мерзімді шарттар орындалды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігіне қарай, бірақ бұйрық негізінде айына екі реттен артық емес жүргізіледі.
Сонымен қатар, келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
Үлгілік ереженің 6 тармағына сәйкес Байқау кеңесінің төрағасы:
1) Байқау кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және Байқау кеңесінің шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
2) Байқау кеңесі отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;
3) Байқау кеңесінің отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
4) Байқау кеңесінің атынан шығатын құжаттарға қол қояды;
5) Байқау кеңесінің ұстанымын білдіреді және Байқау кеңесінің қызметі туралы, кәсіпорынның жалпы жай-күйі және кәсіпорын алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша қабылданған шаралар туралы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) есеп береді;
6) кәсіпорын атынан еңбек шартын, материалдық жауапкершілік туралы шартты және Байқау кеңесінің мүшелерімен өзге де шарттар жасасады;
7) кәсіпорын атынан Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес лауазымдық жалақының мөлшерін белгілей отырып, еңбек шартын, материалдық жауапкершілік туралы шартты және Байқау кеңесінің хатшысымен өзге де шарттар жасасады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында Байқау кеңесінің мүшелеріне, байқау кеңесінің хатшысына тапсырмалар береді;
9) қолданыстағы заңнамада және Байқау кеңесінің шешімдерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Алайда, байқау кеңесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін төрағаның дербес жауапкершілігі жоқ.
Сонымен қатар, байқау кеңесінің төмендегі бойынша бірқатар өкілеттіктері бар:
- демеушілік және қайырымдылық көмекті және қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде таза кірістің бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдау;
- бастамашыл аудит жүргізу туралы шешім қабылдау;
- бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау;
- мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындауды келісу және онымен еңбек шартын бұзу;
- қызметкерлерге, мемлекеттік кәсіпорын басшысына, оның орынбасарларына, бас есепшіге лауазымдық айлықақыларға үстемеақылар, сыйлықақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету жөнінде ұжымдық шарт әзірлеу және шешім қабылдау;
- және т.б.
Жоғарыда аталған өкілеттіктер ұйымдық-өкімдік сипаттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен және мүдделер қақтығысын реттеумен байланысты.
Ұсыныс: Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау үшін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелердің қызметіндегі мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі Ережені әзірлесін.
Заңды тұлғаларда қызметкерлердің көптеген құрылтайшылар фактілерінің болуы Саясатты енгізу қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, үлестес болудың расталмаған фактілері болашақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауына кепілдік бермейді. Осыған байланысты Саясатты енгізу өте өзекті және қажетті болып табылады.
Ұсыным: уәкілетті органға мүдделер қақтығысын реттеу, әңгімелесулерді бейнетіркеу және аттестаттау қорытындыларын интернет-ресурстарға орналастыру жөніндегі талаптардың болуына қатысты «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңестері туралы Үлгілік ережені» әзірлеу және бекіту қажеттілігі туралы хат жолдау.
Өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттердің жасалуына жол бермеу мақсатында басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жазбаша қабылдады.
Басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
2022 жылы басқармаға 1 285 өтініш келіп түсті, оның 1 030-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды. 246 мәселе құзыреті бойынша басқа ведомстволарға жіберілді.
- Өзге де мәселелер (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қабылданатын шаралар)
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жалпы қылмыстық төзбеушіліктің алдын алу, азаматтардың Алматы облысының мемлекеттік басқару институтына деген сенімін арттыру мақсатында іс-шаралар жүргізуде.
Ұсыныс: басқармада төмендегіні әзірлеу және бекіту:
- 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары;
- Басқарудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты;
-Интернет-ресурста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты (жоспар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары және т.б.) орналастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 80-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. 2022 жылдың шілдесінде басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл тәжірибесінде денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық олқылықтар мен қайшылықтар және орталық деңгейде өз шешімін талап ететін өзге де мәселелер анықталған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
ҰСЫНЫСТАР:
Алматы облыстық денсаулық
сақтау басқармасының басшысы Л.Ақтаева