«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ Іле ауданы Боралдай ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК байқау кеңесі «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ Іле ауданы Боралдай ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК директордың бос лауазымына конкурс жариялайды (1 бірлік).
КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІН КҮН: 2023 жылдың наурыз айының 13-нен 27-і күндері аралығында.
КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН: 040708, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-1 шағын ауданы, № 10А ғимарат, анықтама үшін телефон:+7(727)3877418,+7(72752)33010, е-mailboraldai_crb@med.mail.ru.
КӘСІПОРЫН АТАУЫ: «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттіқ мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Іле ауданы Боралдай ауылының «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
МЕКЕН ЖАЙЫ: 040708, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-1 шағын ауданы, № 10А ғимарат, анықтама үшін телефон:+7(727)3877418,+7(72752)33010, е-mailboraldai_crb@med.mail.ru
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ: Науқастарға жедел және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету; жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде үй жағдайында; аурудың созылмалы түрімен ауыратын адамдарды динамикалық бақылау; ауруларды ерте анықтау мақсатында науқастарды тексеру; науқастарды стационарларға жатқызуға жіберу және медициналық оңалтуға іріктеу, сонымен қатар санаториялық-курорттық емдеу және т.б.
КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Білуі керек Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 13 наурыздан 27 наурызға дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-1 шағын ауданы, № 10А ғимарат, анықтама үшін телефон: +7 (727) 3877418, +7 (72752) 33010, е-mailboraldai_crb@med.mail.ru
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТ: конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.
БАЙҚАУ ӨТКІЗУ ОРНЫ: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-1 шағын ауданы, № 10А ғимарат, анықтама үшін телефон:+7(727)3877418,+7(72752)33010, е-mailboraldai_crb@med.mail.ru
Конқурска жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіппен сұхбаттан өтеді.
Бұл лауазымға ие болған адамға көтеру шығындары төленбейді, баспана және жәрдемақы берілмейді.