|
Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ – 58/2020 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес директордың бос лауазымына конкурстық іріктеуді жариялайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 Мамырда № 20768 болып тіркелді. Директор денсаулық сақтау ұйымының жарғылық, шаруашылық және қаржылық- экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдерге, мүліктерді сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай- ақ, оның қызметінің қаржылық - шаруашылық нәтижелеріне толықтай жауапкершілікті алады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың механизмдерін анықтайды. Қызметкерлердің жұмысындағы диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруға, көрсетілген қызметтің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын жоғарылатуға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуына бағытталған қолданыстағы ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіруді және жаңасын енгізуді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өзара тиімді қарым- қатынасын қамтамасыз етеді және олардың әрекеттерін көрсетілген медициналық қызметті дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Ұйымның білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалануы, олардың өмірі мен еңбек жағдайының қауіпсіздігі, ұжымдағы қолайлы психологиялық жағдайдың қалыптасуы бойынша шараларды қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмысын бағалау көрсеткіштерінің негізінде ұйым жұмысының формалары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.ы. Ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржылық - шаруашылық басқару мәселелерінде, келісімшарт және қаржылық тәртіптің нығаюында, әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеуде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. |
Өткізу күні, 2023 жылғы" 04 "қаңтардан" 18 " қаңтарға дейін. Өткізу орны, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 30в үй, телефон: 8 (707) 638 38 66
Электрондық мекен-жайы: Skoraja03_tk@mail.ru