Хабарландыру «Алматы облыстық  денсаулық сақтау басқармасы»  «Талдықорған қаласындағы  облыстық  ауруханасы» ШЖҚ  МҚК  директорлық міндеті  бос лауазымына конкурс жариялау туралы  

 «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана»  ШЖҚ  МҚК  бақылау кеңесі  директорлық  міндеті   бос лауазымына конкурс өткізеді.

Конкурс өту уақыты,  2021 жылдың «28» қаңтарына «11» ақпан аралығында.  Өткізілетін   орны, Талдықорған қаласы, Ескелді би көшесі, 283, байланыс телефоны: 8 7282 –23-45-20, эл. пошта –hospital.tk@list.ru7

Аурухана туралы  қысқаша  сипаттама: Облыстық аурухана Талдықорған қаласындағы Ескелді би көшесі, 283 мекен жайда орналасқан. 2020 жылы 100 жылдығын атап өтті.   01.01.2021 жылға   штат  бойынша 637 адам,  оның ішінде 120 дәрігер,  253-і орта буынды қызметкер. Аурухана  285 төсектік орынға  арналған, оның  ішінде 115 хирургиялық, 170  терапевтік бағытта.  Сондай-ақ, 12 стационарлық  бөлім бар,  оның ішінде: хирургия, реанимация, травматология, нейрохирургия, терапия, неврология, урология, эндокринология,   кеңес беру және диагностикалық,  қалпына келтіру-реабилитация,  басқа да бөлімшелер  бар. Аурухана  қажетті  материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Хабарландыру
Дата публикации
28 января 2021