Хабарландыру

ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар) 7 - тармағына сәйкес Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын (бұдан әрі-мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс) жоспарлауды жүзеге асырады және үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен көпшілік талқылауы үшін өзінің интернет-ресурсында 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы ММ интернет-ресурсында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау мерзімі 08.01.2021 жылдан 21.01.2021 жылға дейін.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жария талқылау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары бойынша ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды қарайтын болады және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
іске асыру мониторингі және
осы тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына

1-қосымша

2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Суицидтің алдын алу бойынша ақпараттық білім беру компанияларын өткізу

1 785,7

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми статистикалық деректері және мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері; сондай-ақ халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері

жасөспірімдер мен жастар арасында

Жасөспірімдер мен жастардың Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласындағы білім беру мектептері мен ОАОО-да оқитындардың қақтығыс жағдайларын шешу, стресс тұрақтылығы мен коммуникативтік қасиеттерін дамыту қабілеттері қалыптастырылатын болады (қауіп-қатер топтары қатарынан кемінде 500 адам мен қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетін балаларды қамту).

 

 

Дата публикации
08 января 2021