Меню

Страницы

Статья

Уақытпен бірге адымдап

      Елімізде карантин режимі енгізілгелі, көптен бері ойлап, іске асыра алмай жүрген жұмыстарымызды күн тәртібіне қойдық. Біріміз кітап оқысақ, енді біріміз жөндеу жұмысымен айналысып, отбасылық құндылықтарға көбірек мән беруге тырысудамыз.

         Сонымен қатар түрлі жанрдағы фильдерді, бағдарламаларды тамашалап, ғаламтордан түрлі ақпаратты іздейміз.

         Бұл кезеңді тиімді әрі мазмұнды өткізу үшін Сіздерді Алматы облысының музей жұмысымен танысуға шақырамын! Музей қызметкерлері жұмыла еңбек етіп, түрлі қызықты мәліметтерді көрермен назарына дайындауда.

          Facebook, Instagram парақшаларында, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтында музей қызметкерлері күнделікті өз жұмыстарымен бөлісуде. Ақпарат ауқымы кең. Мысалы, үйден шықпай-ақ, бір экспонаттың тарихымен танысып, қызықтырған сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар. Бұл формат тарих, әдебиет, өлкетану және т.б. пәндер бойынша емтихандарға дайындалып жүрген жастарға үлкен көмек.

         Күнделікті  еліміздегі атақты тұлғалармен  онлайн-кездесулер өткізіліп,  тікелей эфир барысында сұрақ – жауап алмасудамыз.

        Үйден ұзамай-ақ, киелі Жетісудың барлық музейлерінің экспозициясымен танысуға мүмкіндік бар. 3D  тур арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, құнды жəдігерлерді, тарихи-мәдени орындарды тамашалай аласыздар. Осы технологияның арқасында ұлы Жамбыл Жабаевтың өмірінің соңғы жылдарын өткізген музей үйімен,  ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші - Жаркент мешітімен, этнограф, географ Шохан Уәлихановтың жеке заттарымен, қаламгер Ілияс Жансүгіровтің,  ақын Мұқағали Мақатаевтың қолжазбаларымен танысып, Алматы облысында табылған "Алтын адам" жайлы деректерді таба аласыздар.

         Онлайн-экскурсияның бір ерекшелігі, күнделікті экскурсия барысында  қоя алмаған сұрақтарымыздың жауабын  виртуалды режимде еш кедергісіз қайта тамашалап, кері айналдыра отырып таба аламыз. Сондай-ақ, кез-келген уақытта сізді қызықтыратын экспозициямен,көрмелер және картиналармен танысуға мүмкіндік бар.

         Пандемия жақында аяқталады, музейлер өз жұмысын қайта бастайды. Осы уақытта өзіңізге қамқорлық танытып, үйде болыңыз. Сіздерге Жетісу музейлері бойынша танымды саяхат тілеймін!

Арман ҚУАНДЫҚОВ

М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану

музейінің қызметкері 

 

 
Дата публикации
28 апреля 2020
Дата обновления
28 апреля 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

28 мая 2026
Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі
15 декабря 2025
Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
15 декабря 2025
Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтамасы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы