Кіріспе бөлім
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 35 н/қ «Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 29 мамыр мен 13 маусым аралығында Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 222 қаулысымен бекітілген Ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Басқарманың миссиясы – Алматы облысының аумағында мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарма өз қызметінде төмендегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 250 қаулысымен бекітілген «2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасын бекіту туралы».
- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес талдау төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:
Басқарманың қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, мамандарының және өзге де қызметшілерінің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын регламенттейтін қолданыстағы актілерін зерделей отырып, мәдениет ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі проблемалары ретінде төмендегілерді айқындады.
Басқармада 3 бөлім бар, қызметкерлердің жалпы саны – 13 адам.
Сонымен қатар, персоналды басқару бағыты бойынша барлық кадрлық мәселелерді жүйе арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, бұл еңбек заңнамасын негізсіз бұзушылықтарды болдырмайды.
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымына 10 ұйым кіреді. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарында 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (2025 жылғы 10 ақпан) сәйкес ішкі талдау басқарманың өзінде, сондай-ақ басқармаға қарасты келесі ұйымдарда жүргізіледі:
ГКҚК «Алатау әуендері»,
ГКҚК «Алматы облысының халық шығармашылығы орталығы»,
ГКҚК «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей»,
ГКҚК «Ұста Дәркембай атындағы қолданбалы өнер музейі»,
ГКҚК «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы»,
ГКҚК «Алматы облысының музейлер бірлестігі».
КММ «Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, КММ «Алматы облысының мемлекеттік архиві» мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функциялары жүктелген жауапты тұлғалардың болмауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жоқтығы анықталды.
Персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары ретінде «Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау орталығы» КММ тәртіптік жазаларды шамадан тыс қысқа мерзімде алып тастау деректері белгіленді. Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелінің үрдісі ведомстволық бағынысты ұйымдардың басым бөлігінде де байқалады.
Мәлімет үшін:
Мәселен, 2024 жылы аталған ұйым бойынша 2024 жылғы 5 тамыздағы № 32 бұйрыққа сәйкес бухгалтер Байдавлетова Мөлдір Болатқызына тәртіптік жаза ретінде ескерту жарияланған, ал тәртіптік жазаны алып тастау 2024 жылғы 12 тамыздағы № 34 н/қ бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылған.
Ұсынылады:
«Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы» КММ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, КММ «Алматы облысының мемлекеттік архиві» мекемелерінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында төмендегілер ұсынылады:
Аталған шараларды іске асыру ұйымдардың қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Тәртіптік жазаларды қысқа мерзімде алып тастау мәселесіне қатысты:
Қорытынды бөлім
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына төмендегілер ұсынылады:
Кожекеев А.А. _______________
Гумаров Т.Н. _______________
Домбай Г.К. _______________
Таныстым:
Алматы облысының
мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының басшысы __________________ Д.Алиев