2025 жылдың 25 қараша күні Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы және «Алатау әуендері» концерттік ұйымының ұйымдастыруымен қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, композитор Әбілахат Еспаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Әніңді сенің сағындым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмаров, композитордың ұл-қыздары – Болат Әбілахатұлы, Гүлмира Әбілахатқызы, Гүлсім Әбілахатқызы, туған-туыстары, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Арыстанбекұлы Құрманәлі, сондай-ақ Халықаралық Д.А.Қонаев атындағы қоғамдық қордың вице-президенті Дәулетбек Құрманәліұлы Жанботаев, ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш барысында Әбілахат Еспаевтың өмір жолына қатысты тың естеліктер айтылып, көпшіліктің жүрегіне жылы ұялатқан әуезді әндері орындалды. Сонымен қатар, кітапханамызда композитордың кітаптары мен өмірінен сыр шертетін фотосуреттерден шағын көрме ұйымдастырылды.