Бекітемін
«Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК»
Директорының ___.____.2023 жылғы №____ бұйрығымен
_________________ А. Умбеталиев
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ы мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
3) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері
1) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ы мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
2) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
3) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
2) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.
1) келесі құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді:
өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;
өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;
өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясаты;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;
өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат;
корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжат;
2) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
3) "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14441) сәйкес өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;
5) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;
6) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
7) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
8) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
9) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң ұжымында жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
11) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
12) мүдделер қақтығысын, оның ішінде өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ын жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
13өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
14) контрагенттердің сенімділігін кешенді тексеруді жүзеге асырады;
15) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ғы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және / немесе оларға қатысады;
16) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;
17) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің ақпаратын тыңдайды;
19) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
20) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ы қызметінің ерекшелігіне қарай мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпейтін және мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соқпайтын жағдайда комплаенс, іскерлік әдеп, орнықты даму және басқалар мәселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;
21) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-мен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
1) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-сінің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады және алады;
2) көрсетілген органдар болмаған жағдайда, өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң басшысына директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шығаруға бастамашылық жасайды;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;
4) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң басшылары мен басқа да қызметкерлерінен қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсіндірмелер беруді талап етеді;
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
6) өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
7) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң қызметкерлерінің өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады;
1) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ы және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;
2) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексінің және өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
3) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң директорлар кеңесін, байқау кеңесін (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органын, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда, өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;
5) өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
6) қызметтік және кәсіби этиканы сақтайды.
1) алдыңғы үш жыл ішінде олар қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;
2) тексерудің бейтараптығына нұқсан келтіретін немесе осындай зиян келтіретін ретінде қабылданатын кез келген әрекетке қатысуға;
3) құпия ақпаратты жеке мүддеге пайдалануға;
4) іскерлік этика нормаларын бұзуға;
5) нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігіне, объективтілігіне және бейтараптылығына нұқсан келтіруі мүмкін не осындай залал келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін сыйлықтарды қабылдау және көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
6) мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге және басқа да іс-шараларға қатысуға болмайды.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құруға жәрдемдесу, оның мақсаттарын, міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындауға, құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін әкімшілік (ұйымдық-техникалық) қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды (қажетті дерекқорларға қолжетімділікті) және өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның қызметі үшін қажетті мүмкіндіктермен, активтермен және ресурстармен қамтамасыз етуі;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметі, әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер мәселелері бойынша оқыту және сертификаттау мүмкіндіктерін беруі қажет.
1) осы Үлгілік ереженің 14-тармағы 1) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
2) анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;
3) туындайтын мәселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-на қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат жібереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өкілеттіктерін «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК-ң басшысы тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді.