Хабарландыру

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Музей басшысына (директорына) қойылатын біліктілік талаптары: білімі: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, Тілдер мен әдебиеттер бойынша мұғалімдерді даярлау) және / немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және / немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және / немесе бизнес, басқару және құқық және / немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет, құрылыс, машина жасау) және / немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және / немесе Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және / немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы);

еңбек тәжірибесі: мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 5 жылдан кем болмауы тиіс. не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адамдар үшін кемінде 5 жыл. немесе мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде 4 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтағандар, Жұмыс органы бекітетін және кадрлар даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандануы бар, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы);

Үміткер білу керек: Конституцияны; Азаматтық кодекс; Бюджет кодексі; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс; Кәсіпкерлік кодексі; Еңбек кодексі; Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексі; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсты өткізу орны: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 м/он, 45 әкімшілік ғимарат, 8/72772/2-38-49, kultura-konaev@mail.ru

Құжаттарды қабылдау: 15 күнтізбелік күн. (30.03-13.04.2024ж.)

Дата публикации
29 марта 2024