2 маусым күні «Алматы облысының мемлекеттік архив» КММ-сі Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ ауылдық кітапханасы және Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты: мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және бекіту, патриотизмге тәрбиелеу.