17 мамыр күні «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-сі облыстық архивтің толықтыру көзі болып табылатын мекемелердегі мамандарға «Мекемеде архивтік анықтамаларды беру тәртібі» тақырыбына семинар өткізді. Семинардың мақсаты: мекемеде қалыптасқан құжаттардан қызмет алушының еңбек өтілін жалақы көлемін растау мәселері жөнінде, сондай-ақ оқу орындарында оқығандары туралы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жөнінде, архивтік жазбалары немесе куәландырылған құжаттарының негізінде архивтік анықтамаларды беруде әдістемелік көмек көрсету болып табылады.