11 мамырда «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Кеген филиалы С.Серкебаев атындағы гимназияның 9 сынып оқушыларына «Планетарлық сканермен жұмыс» тақырыбында саяхат ұйымдастырды. Бұл іс-шараның мақсаты: қазіргі заман талабына сай архивтің сақтауында тұрған қағаз жүзіндегі құжаттарды цифлық форматқа ауыстыру жұмыстарымен таныстыру болып табылады.