11 мамырда «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Балқаш филиалы Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары, сонымен қатар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарына жеке қор иесі, ауданның құрметті азаматы, интернационалист – жауынгер, зейнеткер – Мұқанғали Қожабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Жеке қор-ұрпаққа мұра» атты фотоқұжатты көрме ұйымдастырды. Көрмеге Мұқанғали Қожабековтың еңбек жолына қатысты құжаттары, кітаптары, қолжазбалары, фотосуреттері ұсынылды.