1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында» «Ұлттар достығы – ел байлығы» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Өткен шараға ауыл мектептерінде ұстаздық қызмет атқарып жүрген, атап айтатын болсақ Балқар, Әзірбайжан, Түрік ұлтының өкілдері қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар Шамалған ауылының мәдениет үйінің директоры Шарбану Шайровна, Шамалған аулының «Ақ әжелер» ансамбльі қонаққа келіп, ән шашуларын шашты. «Қарасай батыр» орта мектебінің оқушылары Түрік-Кавказ биімен қонақтарды тамсандырды. Шара барысында кеген қонақтар ата-бабаларының Қазақстанға келудегі тарихын айтып, қазақ халқына рахмет булдуруп, жылы лебіздерін білдірді.