12 сәуір күні «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ - нің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Жетісудағы Алаш арыстары» атты әдеби кешін өткізіп, фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Көрмеде облыстық архивтің сақтауында тұрған құжаттар негізінде анықталған Жетісудағы Алаш қозғалысы туралы құжаттар, қолжазбалар, кітаптар, мақалалар таныстырылды.