Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Ulpan1976@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Ербатырова Ұлпан Құдайбергенқызы
концерттік бағдарламалар
Общая информация, образование

Ербатырова Ұлпан Құдайбергенқызы 1976 жылы 18 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Архарлы ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Жетісу мемлекеттік университеті, «ән-күй пәнінің мұғалімі» мамандығын үздік тәмамдады.

 

Карьера

Еңбек жолын Көксу аудандық мәдениет үйінде «Көксу толқыны» ансамблінде қобызшы болып бастады. 1999 жылы Амангелді ауылдық мәдениет үйіне директор болып тағайындалды. 2001 жылы Көксу аудандық мәдениет үйіне директор болып ауыстырылды. 2005 жылы Мәдениет басқармасының арнайы шақыртуымен Талдықорған қаласына «Облыстық халық шығармашылығы орталығына» бас режиссер болып ауысып келді. Облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға белсенді ат салысып, өзін жоғары кәсіби деңгейдегі маман екенін көрсете білді. 2010 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына ауысып, концерттік бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады. Осы үлкен қара шаңырақтың барлық мәдени шараларына үлкен белсенділікпен ат салысып, аудан-қалаларда өтетін концерттерді ұйымдастыра білді. Қазіргі уақытта «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры қызметін жемісті атқарып жүр. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды. Тұрмыс құрған,  бір баласы бар.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы