«Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру)» республикалық жарысы

«Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру)» республикалық жарысы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2020 жылғы 14-16 қыркүйек күндері аралығында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру)» республикалық жарысын қашықтық форматында http://webinar.ziyatker.org  платформасында өткізді.  

Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:

Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

1) 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;

2) 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги -10Э;

3) багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС.

Драгстер сызбасы бойынша автотрассалық модельдеу:

1) Production-32;

2) Production-24.

Әуе модельдері:

1) F-3-Р (пенолёт) моделі;

2) кордалы F-2-В;

3) кордалы жарты копия, контурлы моделі;

4) квадракоптер.

Кеме модельдері:

1) F-4-В немесе F-4–С (бір модель);

2) FSR –ЕСО- MINI EXPERT - F-3-Е маршруты бойынша;

3) Ф -2 - А;

4) FSR- ЕСО-STANDART - F-3-Е машруты бойынша.

Жарыстың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар www.ziyatker.org сайтында 2020 жылғы 23 қыркүйекте орналастырылады.