Жарыстарды өткізу мерзімі және оларды өткізу әдістері туралы вебинар

Жарыстарды өткізу мерзімі және оларды өткізу әдістері туралы вебинар

Алматы облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні ZOOM платформасында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің дене шынықтыру саласына жауапты әдіскерлері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар өткізді. Вебинарда  жоспарланған жарыстардың өткізу мерзімдері және өткізу түрлері бойынша сұрақтар талқыланды.  Жалпы қатысушылар саны – 71.