
2020 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы және Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының білім бөлімі «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» курсы бойынша сертификатталған мектеп директорларына курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында «Құндылықтар: Сабақ, тәрбие сағаты және сыныптан тыс тәрбие жобалары» тақырыбы бойынша жүргізілетін жобамен шағын жинақты мектеп директорларын таныстырып, жұмыс жоспарын талқылады.