
2020 жылдың 08-15 қыркүйегінде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы тарапынан коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде штаттық режимде оқытуды ұйымдастырған орта білім беру ұйымдарының педагогтарына әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі және педагогтарымен кәсіби сұхбат жүргізіліп, нормативтік құжаттарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Барлығы 151 білім беру ұйымы қамтылды.