
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 9-11 қыркүйек аралығында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану жолдары» тақырыбында облыстық оқыту вебинарын ұйымдастырды. Вебинарда Алматы экономикалық және Есік гуманитарлық-экономикалық колледждерінің оқытушылары студенттердің оқу жетістіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін тапсырмаларын ұсынды. Жалпы вебинар жұмысына 300-ден астам оқытушылар қатысты.