
Облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы 2020 жылдың 9 қыркүйегінде қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше қажеттілігі бар балалармен түзете-дамыту жұмысын жүргізу ерекшеліктері бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында вебинар өткізді. Аталған шарада ОПМПК және ППТК мамандары шебер-кластар өткізсе, жалпы орта білім беру ұйымдарының дефектолог, логопед, психологтары ерекше қажеттілігі бар балалармен түзете-дамыту жылдық жұмыс жоспарларымен, жеке дамыту бағдарламаларын таныстырды. Алакөл, Сарқан, Ақсу, Кербұлақ аудандарының дефектолог, логопед, психологтарына ОПМПК және ППТК мамандары тарапынан кері байланыс берілді.