
2020 жылдың 04 қыркүйегінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен шағын жинақты мектептерде оқу процесін қашықтан ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық/қалалық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ШЖМ жауапты әдіскерлері және ШЖМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «ШЖМ әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинар барысында облыстық оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Ж.Дихамбаева 2020-2021 оқу жылында ҚР білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 03 қыркүйектегі №381 бұйрығы 1-қосымшасындағы жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесін және штаттық режимде оқытуды ұйымдастыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.