
Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2020 жылғы 5 қыркүйек күні «Дарынды балалардың танымдық қабілеттерін дамыту құралы ретінде халықаралық жобалар мен олимпиадаларға қатысу» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн конференция өткізді. Онлайн конференцияда халықаралық ғылыми коллаборациялар орталығының жетекшісі - Кусаинова Ляззат Абаевна, "КазРоботикс" қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясының президенті-Айжан Жакеева өз тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн конференцияға 93 - ке жуық педагог қатысты.