Ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

Ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Жетісу дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» КММ ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық олимпиадасының қорытындысын жариялайды.

Бұл жоба дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп жыл сайын өтетін болады. Олимпиада екі кезеңде өтті және 5-6 сыныптар бойынша ауыл мектептерінің 60 мың оқушысын қамтыды. Олимпиада нәтижесінде қатысқан 807 оқушының ішінен 196 оқушы  жеңімпаз болып іріктелді.

 

Жеңімпаздар тізімімен танысуға болады: http://www.zhetisu-daryny.kz/

* 5 сынып бойынша  89 оқушы

* 6 сынып бойынша 107 оқушы

 

Олимпиада жеңімпаздары ішінде 6 сынып бойынша жоғары балл жинаған 4 оқушы Республикалық физика-математика мектебіне (Алматы қаласындағы филиал) қабылдануға ұсынылды.

 

Республикалық физика-математика мектебі филиалына қабылдауға ұсынылған оқушылар тізімі: http://www.zhetisu-daryny.kz/

 

* 6 сынып бойынша 4 оқушы

 

Осы оқушылардың заңды өкілдері әрі қарай мектепке қабылдануы үшін 7170 нөмірі бойынша Call-орталыққа (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, одан осы мектепке қабылдау үшін байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

6 сыныпты бітірген 107 жеңімпазға Талдықорған және Есік қалаларындағы «Білім-инновация» лицейлерінде және Алматы облысының дарынды балаларға арналған 7 мамандандырылған мектептерде оқуды жалғастыруға мүмкіндіктер беріледі.

Жоғарыда аталған мектептерге өтініш беруде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының www.fnn.kz. порталына тіркелу және деректер алу үшін 7170 нөмірі бойынша Call-орталыққа (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалу керек. Өтініш беру туралы толық бейне нұсқаулықты мына жерден көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=LljynSNcDmE&feature=youtu.be)

 

НАЗАР аударыңыз!

Өтініш қабылдау қызметі 2020  жылғы 5 қыркүйек сағат 15.00-ден 2020 жылғы 7 қыркүйек сағат 15.00-ге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады. Өтініштерді қарау мерзімі - 3 жұмыс күні.

 

5 сыныпты бітірген 89 жеңімпазға арналған ақпарат

Еліміз бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқушылар 7 сыныптан қабылданады. Сондықтан 5 сыныпты бітірген жеңімпаздар үшін Елбасы академиясының қашықтық мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеу қарастырылған.

Осы қатысушылардың заңды өкілдері Call-орталыққа 7170 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, одан әрі қашықтықтан оқыту мектебіне қабылдау үшін байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.