
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 тамызында мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері, мектепалды даярлық сыныптары мен тобының педагогтары, шағын орталықтар мен балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері, жалпы орта білім беретін және арнайы (түзету) мектеп-интернаттардың мамандары (педагог-психолог, тәрбиеші, логопедтері) және шағын жинақты мектеп мұғалімдері, қалалық/ аудандық оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлеріне арналған қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінің ерекшеліктері, бастауыш білім беру сатысында жаңа мүмкіндіктер, арнайы және инклюзивті білім берудің ерекшеліктері бойынша тақырыптық алаңдар өтті.
Облыстық тамыз кеңесі аясында алаң жұмыстарына «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» қызметкерлері, Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, дидактикалық материалдарды қолдану жөнінде кеңес беру ZERDE компаниясының әдіскері қатысып, мұғалімдерге әдістемелік ұсынымдар берді. «Дана» жекеменшік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қашықтан оқытудағы өз жетістіктерімен бөлісті. Тәжірибелі педагогтар мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМББС концептуалды негіздері мен оның білім беру үрдісінде жүзеге асуы, қашықтықтан оқытуда бастауыш сыныпта дидактикалық материалдарды қолдану, ерекше қажеттілігі бар балалармен қашықтықтан оқыту жағдайында түзете-дамыту жұмысының жүргізу ерекшелігін талқылап, ой бөлісті. Шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне «Нәтижелілігі төмен мектептерге мықты мектептердің «қамқорлығы»» әлеуметтік жобасы таныстырылды.
Тақырыптық алаңға барлығы 800-ден астам пән мұғалімдері мен әдіскерлер қатысты.