
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 18 тамызында пән мұғалімдеріне, бірлестік жетекшілеріне, қалалық/ аудандық оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлеріне арналған филология, жаратылыстану – математика, қоғамдық пәндерін қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері бойынша тақырыптық алаңдар өтті.
Алаң жұмыстарына, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» қызметкерлері, Орталық Азия университетінің үйлестірушілері қатысып, мұғалімдерге әдістемелік ұсынымдар берді. Тәжірибелі педагогтар пәндерді қашықтықтан оқытуда сандық платформалардың мүмкіндіктерін, асихронды, синхронды оқытудың ерекшеліктерін талқылап, ой бөлісті.
Тақырыптық алаңға барлығы 800-ден астам пән мұғалімдері мен әдіскерлер қатысты.