«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Құрметті Алматы облысының түрғындары!

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы            27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»    № 355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім  басқармасы Алматы облысының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-нің Қамқоршылық кеңес құрамы құрылатынын және кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылатындығын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса) енгізіледі.

         Осыған орай, 2020 жылдың 22 тамызына дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар платформасына жоғарыда аталған ұйымның Қамқоршылық кеңесінің құрамына енгізу үшін үміткерлердің жазбаша ұсыныстарын жолдауды сұраймыз.

 

Алматы облысының білім  басқармасы