
Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағдарламасы қайта басталды. Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр.
⚡️Бағдарламада педагогтерді қолдаудың бірқатар шаралары, оның ішінде нақты жүктеме мен еңбекақыны ескерумен 150%-ға дейін ынталандыру төлемдері қарастырылған.
⚡️Байқау 4 кезеңнен тұрады:
1) Конкурс өткізу туралы хабарландыру;
2) құжаттарды қабылдау;
3) компьютерлік тестілеу және эссе;
4) әңгімелесу.
⚡️Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жіберуі қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
3) ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектеріне арналған Білім туралы құжаттың көшірмесі немесе транскрипт (Transcript);
4) жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар түлектеріне арналған ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты;
5) фотосуреті бар түйіндеме;
6) педагогтерге арналған білімі мен біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;
7) Электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі фотосурет;;
8) Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
9) Қоосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, академиялық және ғылыми дәрежелер беру, кәсіби жетістіктер мен жарияланымдар және т.б. туралы құжаттардың көшірмелері).
⚡️Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 06-12 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
📥Құжаттар келесі электронды пошталар арқылы қабылданады:
🛎️Алматы облысына – a.tusupbaev@almobl.gov.kz
(87064060570)