
Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Талғар ауданының әдіскері А.Амированың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 тамызында Талғар ауданы Ақтас ауылындағы #36 орта мектепте “Ақпараттық комуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі”
тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталмыш Семинарға аудан мектептерінен 70 информатика пәні мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.
Семинардың мақсаты - цифрлық, инновациялық технологияларды, жасанды интелектті білім беруде көмекші құрал ретінде пайдалану, сондай-ақ STEM білім беру әдісі, робототехника, IT саласы бойынша технологияларды оқу процесіне енгізуде педагогтерге әдістемелік көмек беру.