2020 жылғы І жарты жылдық бойынша білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылғы  І жарты жылдық бойынша  білім беру саласына қатысты  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

       Бүгінгі күні отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру салаларында 37 мемлекеттік қызмет белгіленген, оның 3-і  білім басқармасы, 12-сі басқармаға қарасты облыстық мекемелер, 22-сі аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетіледі.

      Білім  басқармасы және басқармаға қарасты облыстық мекемелер, аудандық, қалалық білім бөлімдерімен 2020 жылдың  І жартыжылдықта        63 785 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде білім басқармасы мен облыстық мекемелермен – 6195.

      Білім басқармасы мен ведомствалық қарасты мекемелер мемлекеттік қызметтерді көрсетуде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және өз құзыреті шегінде облыс жұртшылығына білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.                

        Білім басқармасы  2020 жылы 22, 28 мамырда, 2 маусымда  аудандық, қалалық  білім бөлімінің, облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшыларымен,  облыстық  психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялары және психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинетінің меңгерушілерімен, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мамандарымен онлайн форматта жиналыстар, оқыту семинарлар өткізді.                          

      Шара аясында білім беру саласындағы  жаңа бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету Ережелерімен таныстырылды, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету туралы қатаң ескертілді.

        Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар платформасында, бұқаралық ақпарат құралдарына, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің интернет ресурстарына жаңа бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Ережелері жариялануда.

Білім басқармасына қарасты облыстық мекемелер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты жеке тұлғалардан  арыз-шағымдар түскен жоқ. 

Мемлекеттік  қызметті сапалы көрсету  жұмыстары өз жалғасын табуда.