
«Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының» жұмыс жоспарына сайкес Іле ауданының әдіскері С.Балқыбековтың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 мамыр күні Іле ауданы «№44 орта мектеп» МКМ базасында «Цифрлық технология – заман талабы» атты ғылыми-тәжірибелік облыстық семинар өтті. Семинар «Біздің болашақ» атты аудандық білім беру мекемелері арасында робототехника көрмесінен бастау алып, жоспарға сәйкес жұмыстармен өз жалғасын тапты. Атап айтсак, семинарға қатысушы қонақтарымызға ашық сабақтар, мастер класстар ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті. Семинарға Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының мамандары қатысып, өз ойларын білдіріп, семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.