«Мен – кәсіпкермін» облыстық турнирі

«Мен – кәсіпкермін» облыстық турнирі

2024 жылғы 21 мамырда колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің базасында «Мен - кәсіпкермін» облыстық турнирі өткізілді.

Турнирге әлеуметтік кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету, өндіріс, технологиялық кәсіпкерлік, байланыс және ақпарат, білім беру, шоу бизнес және мәдениет, туризм, экология бағыттары бойынша 10 колледжден 14 команда (27 студент) қатысты. Қазылар алқасының шешімімен:

Қызмет көрсету бағыты бойынша:

I орын – Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі - Д.Юсупова, М.Асанбай, Д.Мәлік;

IІ орын – Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі - Р.Сабиров, Р.Кадыров, Ш.Бакиев;

II орын – Кәсіптік оқудағы көпсалалы коледжі - Д.Марат, Қ.Раметов, А.Шамшетов;

III орын – Талғар политехникалық колледжі - А.Абильбек, А.Рысбаева;

Өндіріс бағыты бойынша:

I орын – Шонжы политехникалық колледжі - А.Жұмағожаева;

Байланыс және ақпарат бағыты бойынша:

I орын – Алматы экономикалық колледжі - А.Кумарбекова, А.Ақторпақ, Д.Рахымқұл;

Білім беру бағыты бойынша:

I орын – Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі - М.Полатова, С.Вьюн, Я.Ниязова;  

II орын – Алматы экономикалық колледжі - Ұ.Амирканов, Ә.Сабитова.

Экология бағыты бойынша:

I орын – Шонжы политехникалық колледжі - Д.Селимахунова иеленді.

Әр бағыт бойынша бірінші орынды иеленген жеңімпаздар республикалық турнирге жолдама алды.