ҰБТ 21 МАУСЫМ КҮНІ БАСТАЛАДЫ

ҰБТ 21 МАУСЫМ КҮНІ БАСТАЛАДЫ

ҰБТ 21 маусым күні басталады

21 маусым күні тек 1124 талапкер емтихан тапсырады.

ҰБТ-ның алғашқы күні 16 пунктің 7-і ғана істейді.

21 маусым мен 30 маусым аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 10-ды құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 10 күннің ішінде жүргізіледі.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:
• дезинфекциялық тоннельден өту;
• арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру;
• дене қызуын өлшеу;
• қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;
• медициналық маскалар беру.