«Бестемше» ұлттық ойындарынан облыстық турнирі

«Бестемше» ұлттық ойындарынан облыстық турнирі

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 ақпан күні Қонаев қаласы, Искорка балабақша базасында «Бестемше» ұлттық ойындарынан мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің дене шынықтыру нұсқаушылары мен тәрбиешілері арасында облыстық турнирі өткізілді. Жалпы турнирге 24 дене шынықтыру нұсқаушылары мен тәрбиешілері  қатысты.

Турнир нәтижесі бойынша;

І орын - Жамбыл ауданы;

ІІ орын - Еңбекшіқазақ  ауданы;

III орын - Балқаш ауданы.

Жеңімпаз командалар кубок, медаль жане грамоталармен марапатталды.