
2024 жылдың 27 ақпан күні Талғар ауданы № 2 орта мектепте Алматы облысы мектептеріне «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей тәжірибесін енгізу аясында жабдықталған модификациялық кабинеттердің ашылуы өтті. Оқушылар игілігіне пән кабиеттерді берудегі салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев, «Қазақстан халқына Қоры» МКҚК төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішов және Алматы облысының білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы қатысты.