
Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылуы өткізіліп, 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары ұлдар, қыздар арасында асық ату, бес асық ұлттық ойындарынан және «Ақбозат» шахматтан бастау алды. Ісшараның құрметті қонағы Бокстан Пекин Олимпиадасының, Әлем чемпионатының және Азия ойындарының қола жүлдегері, қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Жалпы 9 аудан, 1 қаладан 300-ге жуық оқушы қамтылды.